Наурызбай ауданында 1500-ге жуық адам тазалық жұмыстарына қатысты

Алматының аудандары арасындағы экологиялық эстафета жалғасып жатыр

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматының аудандары арасындағы экологиялық эстафета жалғасып жатыр. Наурызбай ауданында Республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясындағы сенбілік 1500-ге жуық адамды қамтыды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Олардың қатарында аудан тұрғындары, мекеме қызметкерлері, еріктілер мен белсенді жастар бар. Ауданның санитарлық тазалығы мен абаттандырылуына атсалысқан қатысушылар қоғамдық кеңістіктерді қоқыстан тазартып, қоршаған ортаны көріктендіруге өз үлестерін қосты

«Таза Қазақстан» республикалық акция барысында ауқымды іс-шара өтіп жатыр, қуаныштымыз. Сенбіліктің мақсаты – қаламызды, ауданымызды таза ұстау.Таудан төмен қарай түсіп, тазалймыз, аудан тазалығы тұрғындар үшін керек», – деді Наурызбай ауданы әкімдігінің ресми өкілі Даяна Нұржанова.

Бұл жолғы тазалық шарасы тек сенбілікпен шектелмей, нағыз мерекелік жиынға айналды. Қала күніне орай тұрғындарға алма таратылып, мерекелік бағдарлама ұйымдастырылды. Іс-шара барысында Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының мүшелері арнайы жаттығу өткізді. Бұл бастама тұрғындардың экологиялық мәдениетін қалыптастырып, салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған. 

«Таза Қазақстан» акциясына жастарға үлгі болсын деген ниетпен келіп отырмыз», – деді Наурызбай ауданы ардагерлер кеңесінің мүшесі Гүлназира Шорабекова.

Оқи отырыңыз: Алматы әкімі құрылысы баяу жүріп жатқан жобаларды жеделдету тапсырды