Ауа райының нашарлауына байланысты тасжолдардың 109 учаскесі жабылды

gov.kz
gov.kz
Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ауа райының нашарлауына байланысты (боран, нашар көріну, көктайғақ) тасжолдардың 109 учаскесі жабылды, оның 41 республикалық және 68 облыстық маңызы бар. Жолдарда ТЖ жою бойынша республикалық штаб құрылды, осындай штабтар өңірлерде де жұмыс істейді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Блок-бекеттерде 600 бірлік автокөлік жиналды.

Ағымдағы тәулікте құтқару бөлімшелерімен 695 адам құтқарылды және эвакуацияланды, оның ішінде 137 бала (Жамбыл, Түркістан, Қостанай, Қарағанды және Абай), 146 бірлік техника қар құрсауынан шығарылды.

Тұрғындарды эвакуациялау үшін тасжолдардың жабық учаскесінде 846 уақытша жылыту пункттері дайындалды, сондай-ақ 99 бірлік техника (Вахтовка және Кунг) дайын тұр.

Уақытша жылыту пункттерінде 171 адам, оның 4 бала (Жамбыл облысы, Абай облысы, Ақмола, Қостанай, Павлодар).

Халықты ескерту мақсатында ауа-райының нашарлауы туралы 232 СМС-хабарлама жіберілді, сондай-ақ "Дармен" мобильдік қосымшасы арқылы 94 хабарлама жіберілді.

Авариялық-құтқару жұмыстарына барлығы 1000-нан аса адам және 600-ге жуық ТЖМ, ЖАО және ІІМ техникасы жұмылдырылды.

Жол қызметтері жолды тазарту жұмыстарын жалғастыруда.

Новости партнеров