|
11.11.2022 | 09:37
11363

Бүгіннен бастап Қонаев-Алматы бағытында пойыз қатынайды

Жол жүру уақыты - 1 сағат 17 минут

Бүгіннен бастап Қонаев-Алматы бағытында пойыз қатынайды Фото пресс-службы АО "НК "Қазақстан темір жолы"

11 қарашадан бастап "Жолаушылар тасымалы" АҚ Қонаев-Алматы бағытындағы күнделікті қала маңындағы пойызды іске қосты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Пойыз күн сайын таңғы 6-да жүреді.

"Дизельді теміржол пойызы күн сайын Қонаевтан сағат 06.00-де, Алматы стансасынан кері қарай сағат 19.00-де жүреді. Жол жүру уақыты - 1 сағат 17 минут", - делінген АҚ баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Бұл бағытты қаржыландыру биылдың соңына дейін Ұлттық тасымалдаушы есебінен жүзеге асырылады.

Қазіргі уақытта Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігімен және Алматы облысының әкімдігімен бірлесе отырып, аталған бағытта тасымалдаушының шығындарын субсидиялау бойынша 2023 жылға тендер өткізу жұмыстары жүргізіп жатыр.

Жоба Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алматы облысына жұмыс сапары барысында берген тапсырмасы бойынша жүзеге асырылып жатыр.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир