|
08.06.2020 | 09:40
3645

Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайының коды ресми түрде ауысты

Жаңа код барлық брондау жүйелерінде, отырғызу талондарында, багаж биркаларында және ақпараттық таблода көрсетілетін болады

Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайының коды ресми түрде ауысты Фото : nn-airport.kz

Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайының коды ресми түрде ауысты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бұдан былай барлық брондау жүйелерінде, отырғызу талондарында, багаж биркаларында және ақпараттық таблода жаңа NQZ коды қолданылмақ. 1961 жылдан бері бүгінге дейін әуежайда TSE коды болған еді. Ол кезде қала атауы Целиноград болатын.

«2014 жылдан бастап осы мәселе басталған. Содан кейін бірталай жұмыс істелген. СІМ мен IATA, авиакомпаниялармен бірігіп, жұмысты жасадық», – деді ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Талғат ЛАСТАЕВ.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі азаматтық авиация өкілі келесі қадам өзге де әуежайлардың кодын өзгерту көзделгенін жеткізді. Әзірге үшеу, яғни Атырау, Тараз, Ақтау әуежайларының кодтары алмастырылады деп жоспарлануда.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир