|
05.10.2022 | 09:56
3977

Алматыда қаңтарда бүлінген көліктердің бүгінгі жағдайы қандай

Бұған дейін 140 өртенген және атылған көлік Алматыдағы айып тұрағында тұрғаны хабарланған болатын

Алматыда қаңтарда бүлінген көліктердің бүгінгі жағдайы қандай Фото Tengrinews.kz/Алихан Сариев

Айып тұрағы әкімшілігі қаңтарда Алматы көшелерінде атылған көліктер туралы айтты. Қаңтар оқиғасы кезінде зардап шеккен көліктер әлі де арнайы тұрақта тұрғаны белгілі болды. Содан бері 9 айға жуық уақыт өтті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

"Олар әлі сол қалпында тұр. Қожайындары келіп, қайтарып беруін сұрап жатады. Бірақ қазір тергеу жүріп жатыр, қайтара алмаймыз. Мұны полиция мен прокуратура шешеді. Шешім шығады, шешім шыққаннан кейін ғана қайтарып береміз", - деді айып тұрағы әкімшілігі өкілдері.

Еске салайық, бұған дейін 140 өртенген және атылған көлік Алматыдағы айып тұрағында тұрғаны хабарланған болатын. Қаңтардағы тәртіпсіздіктер кезінде 47 көлік өртеніп, 48-і атылған, тағы 17-сі қарақшылық шабуылға ұшыраған. Тағы 40 автокөлік құқық қорғау органдарына тиесілі, соның ішінде автозактар мен жүк көліктері.

Көкжиектегі айып тұрағында "Гелендвагендерді", "Лексустарды" және "Мерседестерді", сондай-ақ террористер басып алған әскери жүк көліктерін байқауға болады.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир