Бүгін жеңілдетілген автонесие бағдарламасымен көлік алу бағдарламасы бойынша өтінімді қабылдау басталады, деп хабарлайды Almaty.tv.
Өтінім Астана уақыты бойынша сағат 10:00-де www.autonesie.kz ресми сайты арқылы қабылданады. Өтінімді электрондық цифрлық қолтаңба арқылы береді.
«Сайтта өтінім берген кезде өтініш берушінің деректері автоматты түрде ЭЦҚ арқылы қалыптасады. Өтініш беруші міндетті түрде телефон нөмірін енгізіп, автокөлік өндіруші компанияны таңдап, өтінімге қол қояды. Өтінімнің тіркелуі барысы сайттағы «жеке кабинет» арқылы тексеріледі», - делінген хабарламада.
Бағдарламаның негізгі шарттары:
сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 4%, бұл ретте жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі автокөлікті сақтандыру және ресімдеу (оның ішінде кепілге салу) бойынша түпкілікті қарыз алушының шығындарын ескере отырып, жылдық 7,5%-дан аспауға тиіс;