|
01.04.2019 | 19:13
3595

Қазақ-қырғыз шекарасында кептелісте тұрған көліктер саны 300-ден асты

Екі елдің шекаралық бақылау-өткізу бекетінде тексеру ережелерінің күшеюіне байланысты жүздеген көлік жиналып қалған

Қазақ-қырғыз шекарасында кептелісте тұрған көліктер саны 300-ден асты Sputnik

Қазақ-қырғыз шекарасында 300 жүк көлігі кептелісте тұр. Бұл ақпаратты Қырғызстан Республикасы мемлекеттік шекара қызметі таратты деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Екі елдің шекаралық бақылау-өткізу бекетінде тексеру ережелерінің күшеюіне байланысты жүздеген көлік жиналып қалған. Шекарашылардың мәліметінше, бүгіннің өзінде «Ақ-тілек автожолы» бақылау бекетінде 223 ауыр жүк көлігі, «Чон-Капка» бақылау-өткізу бекетінде 70 жеңіл және 30-дай жүк көлігі кезекте тұр.

«Көліктердің жылдам өте алмауына қазақстандық тараптың жүктерді мұқият тексеруі себеп болды», - деп түсіндірді қырғыз тарабы. Ал, аталған жайтқа қатысты еліміздің жауапты өкілдері шекарада заңсыздықтардың анықталып жатқанын айтып отыр.

«Қытай Халық Республикасынан Қырғыз Республикасына тауарлар кедендік құнынан төмендетілген бағамен импортталғаны анықталды. Осыған байланысты Мемлекеттік кірістер депаратменті шекара қызметімен бірлесіп 27 наурыздан бастап бақылау жүргізді. 12 көлік құралында ілеспе құжаттары дұрыс көрсетілмегені  анықталды. Тауарлардың кодтары мен атауы дұрыс көрсетілмеген. Сондықтан, көліктер Қырғызстанға кері қайтарылды. Ал, 46 жүк көлігі тексерістен өздері бас тартып, кері қайтып кеткен», - деді ҚР Қаржы министрлігі мемлекеттік кірістер комитеті басшысының міндетін атқарушы Әсел Қуанышбаева.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров

Janalyqtar tizbegi

Прямой эфир