|
29.05.2023 | 11:15
3710

Елімізде электр самокаттарға сұраныс азайды

Сұраныстың төмендеуі елде оларды жалға беру қызметінің дами түскені де себеп болуы мүмкін

Елімізде электр самокаттарға сұраныс азайды image.made-in-china.com

Елімізде электр самокаттар көлік ретінде танылғаннан кейін оған сұраныс төмендеп кетті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

2023 жылғы мамыр айында Мәжіліс депутаттары "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жол қозғалысын ұйымдастыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын қабылдады. Осыған сәйкес, электр самокаттар көлік құралы ретінде танылады.Сондықтан самокат тебушілерден жүргізуші куәлігі талап етілетін болды.

Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда, электр самокаттарға сұраныс бірден 23 пайызға төмендеген. Сұраныстың төмендеуі елде оларды жалға беру қызметінің дами түскені де себеп болуы мүмкін.

Ал ұсыныс нарығы өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда өсе түскен. Электр самокаттарды сату бойынша ұсыныстар саны 20%-ға өсті.

Нарықтағы электр самокаттардың орташа құнына келетін болсақ, ол өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда аздап өсті (өсім 5%). Сонымен Қазақстанда жаңа электр самокаттардың орташа құны – 140 мың теңге, ал пайдаланылғаны – 110 мың теңге.

"Электр самокаттарды сату бойынша ең көп ұсыныстар мен олардың нарықтағы ең жоғары орташа бағасы екінші жыл қатарынан Алматыға тиесілі болып отыр, оңтүстік астанада электр самокаттардың орташа құны 145 мың теңге. Ал нарықта бұл көлік құралы аз ұсынылған қала Түркістан болса, орташа бағасы төмендеу қала ретінде Қызылорданы атауға болады (130 мың теңге)", – делінген хабарламада.

Ал электр самокат тепкен оқушылар үшін ата-анасы жауап беретін болды.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир