|
10.04.2023 | 11:22
2328

Алматыда 24 мотоцикл айыппұл тұрағына қойылды

25 наурыздан бері қала жолында мотоцикл жүргізушілерінің жол қозғалысы ережесін бұзуының 173 дерегі анықталды

Алматыда 24 мотоцикл айыппұл тұрағына қойылды baq.kz

Алматы полициясы мотоцикл жүргізушілерінің жиі тәртіп бұзатынын айтты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Алматы қаласының Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алматының жергілікті полиция қызметі қазіргі уақытта қалада мобильді және мотокөлік жүргізушілерінің құқық бұзушылығының жолын кесу бойынша жедел алдын алу іс-шаралары жүргізіліп жатқанын еске салды. 

25 наурыздан бері қала жолында мотоцикл жүргізушілерінің жол қозғалысы ережесін бұзуының 173 дерегі анықталды. 24 мотоцикл мамандандырылған айыппұл тұрағына орналастырылды. 

Атап айтқанда, ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабымен – 1, ӘҚБтК-нің 613-бабы 3-бөлігімен – 1, 612-баптың 1,2-бөлігімен – 25, 606-баптың 1-бөлігімен – 13, 596-баптың 3,5-бөлігімен – 3, 595-баптың 1-бөлігімен – 46, 599-баптың 1-бөлігі – 7, 600-баптың 1-бөлігі – 8, 601-баптың 1-бөлігі – 12, 590-баптың 2-бөлігі – 11, 590-баптың 1-бөлігі – 6, 593-баптың 2-бөлігі – 4, 590-баптың 9-бөлігімен – 11, 230-баптың 2-бөлігімен – 5, 602-баптың 1-бөлігімен – 14, 620-баптың 9-бөлігімен 6 дерек тіркелді.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир