|
23.10.2020 | 11:37
1055

Жексенбі күні елордада автобустар жүрмейді

Басқа күндері қоғамдық көлік әдеттегідей жұмыс істейді

Жексенбі күні елордада автобустар жүрмейді astana.gov.kz

Жексенбі, 25 қазанда елордада қоғамдық көлік қозғалысы бір күнге тоқтатылады. Автобустар мен автопарктерде дезинфекциялық жұмыстар жүргізіледі. Бұл туралы "City Transportation Systems"ЖШС мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Дүйсенбі, 26 қазанда автобустар қайта өз жұмысын жалғастыратын болады.

Басқа күндері қоғамдық көлік әдеттегідей жұмыс істейді.

«Тұрғындарды санитарлық нормаларды сақтауға және автобусқа маскасыз кіруге тыйым салынғанын ұмытпауға шақырамыз. Жол жүру ақысын қолма-қол ақшасыз төлеу арқылы ғана төлеуге болады», – деп атап өтті"City Transportation Systems" ЖШС-де.

Бұған дейін хабарланғандай, қоғамдық көлікті арнайы дезинфекциялық құралдармен өңдеу күн сайын жүргізіледі. Соңғы аялдама пункттерінде жүргізушілер өздері дезерітіндімен ылғалды тазалауды жүргізеді. Жолаушылар жиі ұстайтын тұтқаларға, турникеттерге және басқа элементтерге ерекше назар аударылады.

Бұдан басқа, көліктік бақылау және бақылау-желілік қызмет департаментінің қызметкерлері күн сайын көліктердегі жолаушылар мен қоғамдық көлік жүргізушілерінің бетперде режимін сақтауын тексереді. Автобустарда жол жүру төлемі тек қолма-қол ақшасыз жүргізіледі.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир