Былтырғы қыркүйек айындағы нәтижелермен салыстырғанда биыл сатылым 3,3 пайызға өскен. Өткен 9 айда еліміз бойынша 86 566 жаңа көлік сатылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Express Qazaqstan сайтына сілтеме жасап.
Қазақстанның автобизнес қауымдастығының мәліметі бойынша, биылғы қыркүйек айында Қазақстанда 10517 жаңа жеңіл және коммерциялық көлік сатылды. Тура осы көрсеткішті өткен жылмен салыстырсақ, 3,3 пайыз өсім бар.
Енді 2021 жылғы 9 айдың нәтижесіне тоқталайық. Сонымен барлығы 86 566 көлік сатылды, оның 79 444-і жеңіл, 7 122-сі коммерциялық автомобиль. Бұл 2020 жылғы қаңтар-қыркүйегіне қарағанда 36,3 пайызға көп екенін айта кетейік.
Автобизнес қауымдастығының болжамы бойынша, жыл соңына дейін елімізде 110-115 мың жаңа автокөлік сатылады. Осылайша биыл соңғы 5 жылда болмаған рекорд тіркелуі мүмкін.