Павлодарлық полицейлер 3 күнде борышкерлерден 7 млн теңге жинады

Рavlodarnews.kz
Рavlodarnews.kz
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ертіс өңірінде «Борышкер» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Павлодар облысы Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, рейдтер барысында полиция қызметкерлері ҚР Ішкі істер министрлігінің және ҚР құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің мәліметтер базасымен тексеру жүргізді.

«Егер жүргізуші борышкерлердің тізімінен табылса, көлік құралы айып тұрағына қойылады. Осылайша, 3 күн ішінде жедел-алдын алу іс-шаралары арқылы полиция қызметкерлері 7 миллион теңгеге жуық айыппұл жинап, 15 мыңнан астам төленбеген айыппұлдар туралы хабарлама жіберді», - деді баспасөз қызметінде.

Полиция департаменті азаматтардан осындай жағдайларды болдырмау үшін әкімшілік айыппұлдарын тексеруді және қарыздарын өтеуді сұрайды.


Новости партнеров