Медициналық сақтандыруы жоқ адамның көлік жүргізуіне тыйым салынуы мүмкін

Yoursite.ru
Yoursite.ru
Елде 1,5 млн қазақстандық МӘМС жүйесіне енбеген
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Медициналық сақтандыруы жоқ адамдардың көлік жүргізуіне тыйым салынуы мүмкін. Жаңа ереже туралы Үкімет сағатында Ажар Ғиният айтты, деп хабарлайды Almaty.tv

Денсаулық сақтау министрінің ақпарынша, қазір қаржы жүйесі есеп-қисаптың өсіп келе жатқан шығынын көтере алмай отыр. Сол себепті сақтандыру қоры алдағы уақытта өз міндеттемеcін толық орындай алмай қалуы мүмкін деген болжам бар. Бүгінде ел бойынша жағдайы төмен 1,5 млн қазақстандық міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне енбеген. Тағы 3,5 млн адамның тұрақты табысы бола тұра, сақтандыру қорына тіркелмеген. Бүл мәлімет отбасының цифрлық картасы арқылы сараптама жүргізе отырып, анықталған.

– Жүйенің ұзақ мерзімді қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін келесі қажетті шартты ескеру қажет. 2025 жылдан бастап әрбір азамат міндетті салық декларациясын тапсырады. Сақтандырылмаған азаматтардың табысы белгілі болса, 700 мыңдай адам міндетті медициналық сақтандыру жүйесіне енгізіледі деген болжам бар, – деді ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният.

Новости партнеров