Наурызбай ауданында қоғамдық көлік мәселесі жақсарып келеді

пресс-служба акимата Алматы
пресс-служба акимата Алматы
Қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында 3 бағыт жаңарды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қала әкімі Ерболат Досаев аудан халқымен өткен кездесуінде тұрғындардың өтініші бойынша 3 маршруттың ұзартылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Мегаполис басшысы Барлық базарынан Абай саяжайларына Карьерная көшесі бойынша №31 және №67, Момышұлы метро станциясын қамти отырып №110 маршруттарының бағыты ұзартылғанын айтты.

"Қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында  3 бағыт жаңарды. Автобустар саны №44 маршрут бойынша 12–ден 14–ке дейін, №55 маршрут бойынша 7-ден 10-ға дейін және №137 маршрут бойынша 16-дан 19-ға дейін көбейтілді", - деді Ерболат Досаев.

Сондай-ақ, тұрғындарға ыңғайлы болу үшін аудан аумағында Алатау, Әшімов және Строительная көшелерінде 6 аялдама кешені орнатылды. Ағымдағы жылдың қазан айына дейін Карьерная, Тажиев көшелері мен шағынауданына қосымша 6 толық аялдама орнату жоспарланып отыр. Мұндай мүмкіндік жоқ учаскелерде "Аялдама" белгісі бар тиісті жол белгілері орнатылады.

Новости партнеров