Қазақстаннан Уфа қаласына жаңа әуе рейстері ашылады

© Sputnik / Владислав Воднев
© Sputnik / Владислав Воднев
Жаңа әуе рейстері Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларын Уфамен байланыстырады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақстанның Азаматтық авиация комитеті Ресейдің авиация билігімен бірлесіп, Алматы – Уфа жаңа бағытын ашу мәселесін пысықтады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Sputnik сайтына сілтеме жасап.

Осылайша, ресейлік "Red Wings" әуе компаниясы биыл 4 тамыздан бастап Алматы – Уфа бағыты бойынша ұшады. Рейс бейсенбі сайын, аптасына 1 рет орындалады.

Сондай-ақ 4 тамыздан Нұр-Сұлтан – Уфа бағыты бойынша тұрақты жолаушылар рейсі ашылады. Әуе рейсі аптасына бір рет, бейсенбі сайын ұшады.

Жолаушылар SU-95 типті ұшақпен тасымалданады.

Билеттер әуе компаниясының ресми сайтында сатылады.

Авиация комитеті Қазақстан мен Ресей арасында жаңа рейстердің ашылуы екі ел арасындағы сауда-экономикалық, инвестициялық, туристік және мәдени ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал ететінін атап өтті.

Новости партнеров