Қазақстанда автомобиль-конструкторларды заңдастыру 22 мамырдан басталады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
ІІМ заңдастыру қалай жүретінін түсіндірді.
1-қадам: Онлайн өтінім беру және оны электрондық тіркеу (автоконструкторлардың барлық иелеріне автоматты түрде бас тарту және АХҚКО-да ПО қызметкеріне қолда бар құжаттарды ұсыну қажеттілігі туралы хабарлама жіберілетін болады).
2-қадам: ПЦ қызметкері көлік құралдары құжаттарының дұрыстығын тексереді және көлік құралдарын критерийлеріне сәйкес келген жағдайда к/қ электрондық мақұлдау парағына енгізеді.
3-қадам: Өтініш беруші қайтадан онлайн өтінім береді және электрондық мақұлдау парағы бойынша алдын ала тексеруден өтеді, сарапшы-криминалист салыстыру үшін к/қ ұсынумен тексеру пунктіне жібереді.
4-қадам: Салыстырып, тексеруден сәтті өткеннен кейін өтініш беруші ХҚКО-ға барлық қажетті құжаттарды, оның ішінде диагностикалық картаны ұсынады және мемлекеттік баж 200 000 теңге мөлшерінде алым төлейді.
Еске салайық, заңдастыру 2023 жылдың 1 шілдесіне дейін жалғасады.