Алматыда бірқатар көшелер уақытша жабылады
Rivara.ru
Бұл туралы Алматы қалалық мобилділік басқармасы мәлім етті
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Алматыда жол жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты 6 тамыз сағ.23:00 мен 7 тамыз сағ.07:00 аралығында Бөкейханов көшесінің Рысқұлов даңғылынан Серіков көшесіне дейінгі бөлігінде көлік қозғалысы уақытша толық шектелетін болады, деп хабарлайды Almaty.tv.
"Сондай-ақ жол жабындысын төсеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты 7 тамыз сағ. 23:00 мен 8 тамыз сағ. 06:00 аралығында Розыбакиев көшесінің Березовский көшесінен Өтепов көшесіне дейінгі бөлігінде көлік қозғалысы толық шектеледі. Аталған жұмыстар орташа жол жөндеу жұмыстары аясында жоспарланған болатын. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз және жол жүру бағыттарыңызды алдын ала жоспарлауларыңызды сұраймыз", - делінген хабарламада.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қысқы күн тоқырауы: ғалымдар 2026 жылдың ең қысқа күнін атады
28.11.2026 15:18
Алматыда 30 қараша мен 6 желтоқсан аралығында ауа райы қандай болады
28.11.2026 09:17
Жаңа жылға үйді артық шығынсыз қалай безендіруге болады
28.11.2026 12:55
Денсаулығыңызға көңіл бөліңіз: 28 қарашаға арналған жұлдыз-жорамал
28.11.2026 10:18
2027 жылы қазақстандықтар қалай демалады
28.11.2026 14:19