|
05.01.2023 | 14:02
2070

Рысқұлов даңғылында жол қозғалысы қалай өзгертілді

Момышұлы көшесінің қиылысында Рысқұлов даңғылынан батыс және шығыс бағытта солға бұрылуға тыйым салынады

Рысқұлов даңғылында жол қозғалысы қалай өзгертілді Фото: Қайрат Қонысбаев

Рысқұлов даңғылында жол қозғалысының сызбасы өзгертілді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Көлік ағынына кедергі келтірмеу, қақтығыстардың алдын алу мақсатында 2023 жылғы 5 қаңтардан бастап эксперименталды түрде Рысқұлов даңғылы мен Момышұлы көшесінің қиылысында Рысқұлов даңғылынан батыс және шығыс бағытта солға бұрылуға тыйым салынады.

Жұмыстарды Қалалық мобилділік басқармасы мен жол қозғалысын бақылау және қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік уәкілетті орган Алматы қ. полиция департаменті Әкімшілік полиция басқармасымен бірлесе отырып жүзеге асыратын болады.

2023 жылғы 1 наурызға дейін мамандар аталған аумақтың, бағдаршам нысандары мен бұрылу орындарының көлік жүрісіне талдау жасап, оның нәтижесіне сәйкес шешім қабылдайды.

Жол жүру бағыттарыңызды алдын ала ойластырып, ҚР жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырамыз.

Дереккөз: Алматы Қалалық мобилділік басқармасы

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир