|
21.03.2021 | 14:03
1519

Түркістаннан Ыстанбұлға алғашқы әуе рейсі орындалды

Билет құны 39 999 теңгеден басталады

Түркістаннан Ыстанбұлға алғашқы әуе рейсі орындалды inform.kz

2021 жылғы 21 наурызда Наурыз мейрамы қарсаңында Елбасының және ҚР Президентінің тапсырмасымен құрылған алғашқы отандық лоукост әуе тасымалдаушысы Fly Arystan әуе компаниясы Қазақстанның рухани астанасы Түркістан қаласынан Ыстанбұлға алғашқы халықаралық тұрақты рейсті орындады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Түркістан және Ыстанбұл қалалары арасында тұрақты әуе қатынасы аптасына 2 рейспен, жұма және жексенбі күндері А-320 әуе кемесімен орындалады. Кейіннен рейстер саны аптасына 7-ге дейін (күн сайын) көбейеді. 

Билет құны 39 999 теңгеден басталады. Түркістан – Ыстанбұл алғашқы рейсіне 176 билет сатылды (98%). Алғашқы тұрақты рейс іске қосылған сәттен бастап (2020 жылғы 1 желтоқсан) Түркістан қаласы әуежайынан 80-нен астам рейс орындалып, 23 мыңға жуық жолаушы тасымалданды. Рейстердің орташа коммерциялық жүктемесі 85% құрады.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир