|
01.09.2022 | 09:10
3064

Алматыда 2 млн теңгедей айыппұлы бар жүргізуші анықталды

Оны Әуезов ауданының полицейлері ұстады

Алматыда 2 млн теңгедей айыппұлы бар жүргізуші анықталды polisia.kz

Алматыда 2 млн теңгедей айыппұлы бар жүргізуші анықталды, деп хабарлайды Almaty.tv.

1,8 млн теңгеге жуық айыппұлы бар Toyota Ipsum көлігін шаһардың Әуезов ауданының полицейлері ұстады.

"Бұған дейін хабарланғандай, жол қозғалысын реттеудің тиімділігін арттыру мақсатында “Қорғау – Қауіпті жүргізуші” автоматтандырылған жүйесі жұмыс істейді, ол жалған мемлекеттік нөмірлері бар автокөліктерді және сақтандыру полисінсіз жүрген шетелдік МТНБ бар автокөліктерді, сондай-ақ жалпы ағыннан көлік жүргізу құқығынан айырылған жүргізушілерді анықтауға мүмкіндік береді. Мәселен, бір күн бұрын Қырғызстанда тіркелген, жалпы сомасы 1 782 090 теңгені құрайтын айыппұлдары бар Toyota Ipsum көлігі ұсталды. Минивенді 55 жастағы жергілікті тұрғын басқарған. Бұл көлік мамандандырылған айыппұл тұрағына қойылды", – деді Алматы қалалық ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Ержан Ұзабаев

Дереккөз: Polisia.kz.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир