|
24.02.2023 | 14:16
616

Елімізде халықаралық логистикалық компанияның өкілдігі ашылды

Бастама әлем елдерімен тауар алмасуда зор мүмкіндік туғызады

Елімізде халықаралық логистикалық компанияның өкілдігі ашылды wareteka.com.ua

Елімізде халықаралық логистикалық компанияның өкілдігі ашылды. Бұл – HHLA project logistics Kazakhstan компаниясының Орта Азиядағы алғашқы филиалы, деп хабарлайды Almaty.tv.

Мұхиттармен шекарасы шектеспейтін еліміз үшін бұл бастаманың берері мол. Себебі әлем елдерімен тауар алмасуда зор мүмкіндік туғызады. Осылайша, Қазақстан логистика жүйесінің дамуына бірнеше есік ашылмақ.

«Каспий» және «Құрық» порттары арқылы өтеді. Ары қарай Әзірбайжан, «Баку» портына барып, одан ары Грузия, Туркия арқылы Еуропа және Америка елдеріне жеткізіледі. Негізі біріншіден «Алтынкөл-Достық» Қытай мен Қазақстан шекарамыздың дамуына, одан ары «Ақтау» мен «Құрық» порттарының дамуына көп үлесін қосады деп сенемін», – деді HHLA project logistics Kazakhstan жетекшісі Дәулет Кәкім.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир