Жүк тасымалдаушы компания монополистік жолмен табыс тапқан

elements.envato.com
elements.envato.com

Агенттіктің ақпарынша, компания бір рейс жасау үшін белгіленген бағаны еселеп қымбаттатқан

Жаңалықтармен бөлісіңіз

ҚХР-ның бейтарап аумағынан жүк тасымалдауды ұйымдастыратын жалғыз оператор «Eurotransit Nur Zholy» компаниясының бағаны заңсыз өсіргені анықталды. ЖШC қатысты тергеу жұмыстары аяқталған. Бұл туралы еліміздің қаржылық мониторинг агенттігі мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Агенттіктің ақпарынша, компания бір рейс жасау үшін белгіленген бағаны еселеп қымбаттатқан. Мұндай монополистік әрекеттен олар 4 млрд теңгеден астам пайда көрген.

«Тергеп-тексеру барысында кінәсін мойындаған серіктестік басшылығынан мемлекет кірісіне құны 5,3 млрд теңгеден аса серіктестік активтерін аудару туралы өтінішхат түсті. Айта кету керек, инвесторлардың ел экономикасына қатысуын әртараптандыруға мүмкіндік беру мақсатында Қаржылық мониторинг агенттігі адал бизнеске жасанды кедергілер мен монополияға қарсы күрес жұмысын жалғастыратын болады», – деді ҚР Қаржылық мониторингі агенттігінің ресми өкілі Әлібек Әбділов.

Новости партнеров