Қазақстан шекарасындағы өткізу бекеттерінде жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстары, көліктердің өтуіне кедергі келтірмейді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Қаржы министрлігінің мамандары қазір шекарада ұзын сонар кезек жоқ екенін айтады. Елдос Саудабаевтың айтуынша, кеденшілер әр көлікті 15 минут тексеріп өткізгендіктен, жүк машиналары кептелісі жоқ деп сендірді.
– Кезек ұзаққа созылды деген қисынға келмейді. Тәулігіне 250 көлік шекарадан өтеді. Кеденшілер жұмыстарын атқарып, әр машинаға белгілі уақыт бөліп, тексереді. Мысалы, қазір 100 көлік шекарада тұрса, кешке дейін олар кедендік тексеруден өтеді. Сондықтан «шекарадан ұзақ уақыт өтеміз» деу, бекер даурығу, – деді ҚР Қаржы министрлігі мемлекеттік кірістер комитеті бақылау департаментінің директоры Елдос Саудабаев.
Оқи отырыңыз: Қазақстан 100 пайыз электрондық кедендік декларациялауға көшті