Алматыда жаңа көлік айырығының құрылысы басталады

esquire.kz
esquire.kz
Саин көшесімен Мөңке би көшесінің қиылысында көлік айрығын салу, сондай-ақ Төле би даңғылын созу жұмыстарын бастау жоспарлануда
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда жаңа көлік айырығының құрылысы басталады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Әкімшілік полиция басқармасының хабарлауынша, Саин көшесімен Мөңке би көшесінің қиылысында көлік айрығын салу, сондай-ақ Төле би даңғылын созу жұмыстарын бастау жоспарлануда. 

"Сонымен қатар, биыл Абай даңғылын созуды, Саин көшесі, Әуезов көшесі, Сейфуллин даңғылымен Жансүгіров көшесімен Құлжа трактісінен Бухтарминск көшесіне дейінгі көлік айрығын салуды, сондай-ақ"Сарыарқа"және"Б.Момышұлы"бекеттерімен қосып, ұзындығы 3,1 шақырымды құрайтын метро желісін пайдалануға беру жоспарда бар. Сондай-ақ, ұзындығы 30,5 шақырымды құрайтын “Думан” ықшам ауданында күрделі жөндеу жұмыстарын аяқтау, Алғабас, Қайрат, Альмерек шағын аудандарындағы 43,1 шақырымды құрайтын 141 көшеде жол құрылысын аяқтау жоспарлануда", – деді Әкімшілік полиция басқармасы бастығының орынбасары Болатбек Баятанов. 

Бөлімшеде өткен жылы Рысқұлов даңғылы – Емцов көшесі қиылысында көлік айрығы іске қосылғанын атап өтті.

Новости партнеров