|
29.05.2020 | 14:57
5756

1 маусымнан бастап Қазақстан бойынша қалалар арасындағы блок-бекеттер алынады

Әкімдіктер тасымалдау процесіне қатысушылардың алгоритмді сақтауын қамтамасыз ету бойынша қажетті шараларды қабылдайды

1 маусымнан бастап Қазақстан бойынша қалалар арасындағы блок-бекеттер алынады Фото Валерия Бугаева

Елімізде 1 маусымнан бастап қалааралық блок-бекеттер алынады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне қарасты көлік комитеті төрағасының орынбасары Жәнібек Тайжанов хабарлады. Бірақ кейбір ауру ошақтары өршіп тұрған қала немесе облыс әкімдерінің шешімімен блок-бекеттер сақталуы мүмкін. Сондай-ақ, брифинг барысында 5 маусымнан қалааралық автобустар қатынайтындығы белгілі болды. Ол үшін жолаушы да, тасымалдаушы да көліктегі Бас санитарлық дәрігердің бекіткен талаптарын қатаң сақтауы қажет.


«Жолаушыларды тасымалдау бойынша жасалған арнайы алгоритмге сәйкес, соңғы аялдамаларда автобустарды дезинфекциялау, салонға тек маскамен кіргізу, жолаушылар арасында кемінде бір метрлік арақашықтықты сақтау, жүргізушілерді маска, қолғаппен қамтамасыз ету сияқты шаралар қарастырылған», – деді ҚР ИИДМ Көлік комитеті төрағасының орынбасары Жәнібек ТАЙЖАНОВ.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир