|
02.03.2023 | 14:58
402

Ақылы жолдармен жүру және төлем жасау тәртібі өзгереді

Ақылы учаскелер бойынша берешегі бар жүргізушілер жолға жіберілмейді

Ақылы жолдармен жүру және төлем жасау тәртібі өзгереді tengrinews.kz

«Жалпыға ортақ пайдаланылатын республикалық маңызы бар ақылы автомобиль жолымен жүріп өту үшін ақы алу қағидаларын бекіту туралы» Индустрия министрінің бұйрығына өзгерістер енгізіледі, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Бұйрыққа сай, енді жүргізушілер жол ақысын мына тәсілдермен төлейді:

- төлем жүйелері сервистерінің көмегімен алдын ала төлеу;

- мүмкіндік болған уақытта қолма-қол төлеу;

- ақылы учаскеден шыққаннан кейін күнтізбелік 7 күн ішінде кейінгі төлем.

«Пайдаланушы жол ақысын күнтізбелік 7 күн ішінде төлемеген жағдайда, жеке тұлғаларға 5 айлық есептік көрсеткіш көлемінде (17 250 теңге) және ұйымдар үшін 10 АЕК (34 500 теңге) айыппұл салу көзделген», – деп түсіндірме берілген өзгеріске.

Сонымен қатар, ақылы жолдың әкімшісі учаскелерге кірер алдында тиісті хабарламасы бар ақпараттық табло орналастырады.

Ақпараттық тақтада келесі ақпарат көрсетіледі:

- ақылы учаске бойынша жол жүру ақысының құны;

- учаскенің ұзындығы;

- жол ақысын төлеудің ықтимал тәсілдері;

- ақылы жолдың әкімшісінің байланыс деректері.

Бұл ретте, ақылы жолдың әкімшісі пункттерде кептелісті болдырмау үшін шлагбаумдарды дереу көтеру, көліктің тиісті жылдамдығын сақтауды қамтамасыз ету міндеттеледі. Ақылы учаскелер бойынша берешегі бар жүргізушілер жолға жіберілмейді.

Жаңа талаптар 16 наурызға дейін көпшілік талқылауда болады.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир