|
30.12.2022 | 14:58
467

ҚР ИИДМ көліктерді бақылау үшін автожолдарда "Сергекті" пайдаланбақ

Министрлік Астана-Теміртау учаскесінде пилоттық жобаны іске асыруды көздеп отыр

ҚР ИИДМ көліктерді бақылау үшін автожолдарда "Сергекті" пайдаланбақ Sputnik / Владислав Воднев

ҚР ИИДМ көліктік бақылау қызметтерін автоматтандыру мақсатында "Сергекті" пайдалану мүмкіндігін қарастырып жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Қазіргі кезде ҚР ИИДМ жол қозғалысы ережелерін бұзушылықтарды автоматты фото-бейне тіркеу үшін Астана-Теміртау учаскесінде пилоттық жобаны іске асыруды көздеп отыр.

Министрлік өкілдері бұл жоба ірі көлемді және ауыр салмақты автокөліктердің қатысуымен болатын құқық бұзушылықты, сондай-ақ жолаушылар мен багажды тұрақты немесе тұрақты емес тасымалдау кезіндегі қауіпсіздікті автоматты түрде анықтап, көліктік бақылауды жүзеге асыру кезінде адами фактор мен сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау арқылы жол төсемінің сақталуын қамтамасыз ету бойынша әлеуметтік және экономикалық тиімділікке қол жеткізуге септігін тигізетінін айтты.

22 желтоқсанда Ішкі істер министрінің орынбасары Сәкен Сәрсенов пен Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Динара Щеглованың төрағалығымен жұмыс отырысы өткізіліп, оның барысында ішкі істер органдарының еліміздің қалаларындағы автожолдарда жол қозғалысы ережелерін бұзушылықтарды автоматты фото-бейне тіркеу бойынша жұмыс тәжірибесі талқыланды.

Статистикаға сәйкес кейінгі 4 жылда елімізде 55 мыңға жуық жол-көлік оқиғасы тіркеліп, оның салдарынан 60 мыңнан астам адам зардап шегіп, 8 мыңнан астам адам қаза тапқан.

Бұл ретте "Сергек" аппараттық-бағдарламалық жүйесі енгізілген сәттен бастап, еліміздің жолдарында өлім-жітімнің 50%-дан аса төмендеуі байқалып, қоғамдық орындардағы қылмыс айтарлықтай азайыпты. Сондай-ақ жол қозғалысы ережелерін сақтамағаны үшін төленетін айыппұлдардың есебінен бюджетке 50 млрд теңгеге жуық қаражат түскен.



Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир