|
31.03.2023 | 16:05
2247

Алматыда кептеліс мәселесі қалай шешілуде

Алматы қаласының бас полицейі Арыстанғани Заппаров қала тұрғындарының алдында есеп берді

Алматыда кептеліс мәселесі қалай шешілуде bugin.kz

Алматы полициясы кептеліс мәселесі қалай шешіліп жатқанын айтты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Алматы қаласының Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Алматы қаласының бас полицейі Арыстанғани Заппаров қала тұрғындарының алдында есеп бергенде, оңтүстік астанада жол қауіпсіздігі қала тұрғындары мен қонақтарының жайлы әрі қауіпсіз өмір сүруінің маңызды факторы екенін айтты. Алматыда 2,1 миллионнан астам адам тұратынын, оларға 550 мыңнан астам көлік тіркелгенін ескеру қажет. Сонымен қатар келетін және кететін көліктердің тәуліктік ағыны 250 мың және одан да көп.

«Қарбалас уақытта біз негізгі магистральдық көшелерді қолмен басқаруға ауыстырамыз, қызметкерлерге қосымша оқыту жүргіземіз, басқа көліктердің өтуін шектейтін және тарылтатын көлік құралын өздігінен тұраққа қойып кететін орында алдын алу шарасын жүргіземіз. Сондай-ақ жол-көлік оқиғаларын, жол-көлік жарақаттары мен адам өлімін азайту мақсатында күн сайын жол-көлік оқиғасына талдау жүргіземіз, соның негізінде қауіпті аймақтар патрульдеу арқылы күшейтіледі, қалалық мобильділік басқармасымен бірлесіп, жол инфрақұрылымы жетілдіріліп жатыр», – деді Арыстанғани Заппаров. 

2022 жылы Алматы жолында 1 млн 348 мың 981 ЖҚЕ бұзу анықталды. Сот үкімімен 3630 жүргізуші көлік жүргізу құқығынан айырылды. 2610 жүргізуші әкімшілік қамауға алынды. Қауіпті жүргізушілерді анықтаудың тиімді құралы – «Қорғау – Қауіпті жүргізуші» жүйесі. Ол жалған нөмірлі көліктерді, көлік жүргізу құқығынан айырылған жүргізушілерді, қылмыстық көліктерді, айыппұл төлемейтіндерді және тағы басқаларды автоматты түрде анықтайды.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир