Боранға байланысты Риддер іргесінде көлік кептелісі туындады
МЧС РК
Бұған қатты боранға байланысты тасжолдың жабылуы себеп болған
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласынан шыға берісте қатты боранға байланысты көлік кептелісі туындады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Кешелі бері Риддер іргесінде көліктер ұзын-сонар кептелісте қалған. Бұған қатты боранға байланысты тасжолдың жабылуы себеп болған. Алайда, соған қарамастан жолға шыққандар саны азаюдың орнына көбейіп барады.
«Дәл қазір Риддер мен Өскемен арасындағы республикалық маңызы бар жол жабық. Риддерден шыға берісте жолшылар мен полицейлер кезекшілік атқарып тұр», – деп хабарлады ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің өкілдері.
Айта кетейік, осы сәтте өңірде республикалық маңызы бар 2, облыстық маңыздағы 4 жолда көлік қозғалысына тыйым салынған.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
18 қыркүйекке арналған валюта бағамы
18.09.2026 09:00
Алматыда 21-27 қыркүйек аралығында ауа райы қандай болады
19.09.2026 08:06
Күзгі шай: денсаулық пен көңіл-күйді көтеру жолы
19.09.2026 14:40
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
18.09.2026 20:15