Биыл Қазақстан темір жолына 25 жыл

Almaty.tv
Almaty.tv
Кәсіби мерекеде үздік 50 қызметкер марапатталды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Биыл Қазақстан темір жолына жиырма бес жыл. Әр жылы тамыз айының алғашқы күндері тойланатын айтулы күн биыл да ұмыт қалған жоқ, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қазақ теміржолшыларының кәсіби мерекесіне арналған іс-шара барысында мегаполистің үздік 50 қызметкері ерен еңбегі үшін арнайы сыйлықтармен марапатталды.

«Ардагерлерге Қазақстан темір жолын дамытуға үлес қосқаны үшін алғыс айтқым келеді. Бүгін «Адал еңбегі үшін» деген марапатты табыстап отыр. Өте қуаныштымын», – деді Алматы-2 стансасының бірінші орынбасары Ерғали Садықов.

Темір жол саласының 25 жылдық тарихында жеткен жетістіктері аз емес. Атап айтсақ, осы уақытқа дейін 2 мың шақырымдық теміржол салынды. Бұл күнделікті темір жолдың күре тамырына жан бітіріп, өлшеусіз үлес қосып жүрген барша қызметкерлердің еңбегі дейді компания өкілдері.

«Айта кететін болсақ, темір жол – еліміздің экономикасының күре тамыры. Еліміздің өзекті жүйесі, экономикаға сүбелі үлесін қосып отырған осы темір жол тарландары бүгін жиналып отыр деген ойдамын. Мерекемен шын жүректен құттықтаймын», – деді Алматы жүк тасымалы бөлімшесінің кәсіподақ ұйымы төрағасы Талғат Қарабалаев.

Новости партнеров