Астананың жаңа әкімі Жеңіс Қасымбек ЛРТ құрылысы қашан аяқталатынын айтты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.
"ЛРТ қаржыландыру мерзіміне байланысты екі-үш жылдың ішінде аяқталады", - деді Жеңіс Қасымбек үкіметтің кеңейтілген отырысынан кейін.
Бұған дейін елорда әкімдігі LRT желілерінде арқалықтар мен қадаларды монтаждау жұмыстары жыл соңына дейін аяқталатынын мәлімдеген еді.
2023 жылы темірбетон конструкцияларды орнатуға кірісіп, инженерлік желілерді толықтай жүргізу жоспарланып отыр. Қазірдің өзінде 40 жиналмалы арқалық құрастырылған.
Айта кетері, Астанадағы LRT құрылысын жалғастыруға үкімет биыл күзде 20 млрд теңге бөлді.
Бұған дейін жерүсті метро құрылысын аяқтауға 577 млн доллар қажет екені хабарланған болатын.