Нұр-Сұлтандағы LRT ісі бойынша тергеу шаралары аяқталды

© Sputnik / Владислав Воднев
© Sputnik / Владислав Воднев
Келтірілген шығын 5,5 миллиард теңгені құрап отыр
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Аталған іс бойынша келтірілген залалдың шығыны 5,7 миллиард теңгені құрады. Бұл туралы Жемқорлыққа қарсы агенттіктің екінші департаментінің басшысы Сергей Перов мәлімдеді. Айтуынша, қылмысқа қатысы бар 10 күдіктінің үшеуі іздеуде жүр, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

«Тергеу амалдары аяқталды. Енді қылмыстық іс материалдарымен танысамыз. Қылмыскерлерді іздестіру шаралары жалғасуда. Келтірілген шығын - 5,5 миллиард теңгені құрап отыр», - деді ҚР Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі екінші департаментінің басшысы Сергей ПЕРОВ.

Ведомство өкілдері Атыраудағы перзентханадағы болған жемқорлық дауына қатысты да ақпарат жариялады. Аталған іс бойынша басты күдіктілер темір торға тоғытылды. Айта кетейік, Атырау перинаталдық орталығының директоры лауазымдық өкілеттілігін пайдалана отырып, бірнеше рет пара алып, демеушілік қаржыны да жымқырған. Тергеу барысында перзентханадағы тірі, сау балғынды өлі туылған деп рәсімдегені расталып отыр.

«Атырау бойынша лауазымды қызметкерлер қамауда. Тергеу амалдары жүргізілуде. Жуырда бітіреміз. Біз іс бітіргеннен кейін сотқа жібергеннен кейін, үкім шыққаннан кейін сол кезде болады», - деді ҚР Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі бірінші департаменті жетекшісінің орынбасары Бауыржан БАЛҒАБЕКОВ.

Новости партнеров