|
21.07.2022 | 15:33
4302

Алматыда №41 автобус бағыты ұзартылады

Енді автобус Гүлдала шағынауданына дейін барады

Алматыда №41 автобус бағыты ұзартылады tengrinews.kz

Алматыда 22 шілдеден бастап №41 автобус бағыты Гүлдала шағынауданына дейін ұзартылады, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Енді бұл маршрут Жақұт көшесінен Құлжа тасжолына қарай оңға бұрылып, содан кейін Бұқтырма көшесіне қарай тағы да оңға бұрылады. Айналма жол арқылы Құлжа жолына қайта түсіп, Уәлиханов көшесінің бойымен әл-Фараби көшесіне дейін барады. Сол жерден кері бұрылып, Уәлиханов көшесінің бойымен кері бағытта - Құлжа жолымен - Жақұт көшесімен, әрі қарай схема бойынша жүреді», - делінген қалалық Көлік холдингі хабарламасында.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир