Алматыда жүргізушісі тұрақ ақысын төлемеу үшін жалған тіркеу нөмірімен жүрген
Polisia.kz
Оның көлігі мамандандырылған айыппұл тұрағына қойылды
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Алматыда жол талғамайтын көлік жүргізушісі тұрақ ақысын төлемеу үшін жалған мемлекеттік тіркеу нөмірімен жүр, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Патрульдік полицейлер Mitsubishi көлігін Абылай хан мен Қазыбек би көшелерінің қиылысынан анықтады. Көлікке орнатылған түрлі мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілері тәртіп сақшыларының назарын аударды. Оның иесі анықталды. Ер адам өзін қорғап алу мақсатында тұрақ ақысын төлемеу үшін жалған нөмір орнатқанын айтты. Бұл әрекет заңнамаға қайшы келеді және әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғады. Құқық бұзушыға айыппұл салынды. Оның көлігі мамандандырылған айыппұл тұрағына қойылды.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Жақындарыңызға қамқор болыңыз: 24 қазанға арналған жұлдыз жорамал
24.10.2026 09:46
Алматыда 26 қазан - 1 қараша аралығында ауа райы қандай болады
25.10.2026 08:20
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
25.10.2026 10:30
Күзде қандай аурулар жиі асқынады
24.10.2026 16:47
Баланың сабаққа зейінін арттыратын тағамдар аталды
24.10.2026 15:37