Яндекс.Такси: Бағаны қымбаттатуына байланысты тергеу жалғасып жатыр

gov.kz
gov.kz
Биыл такси қызметтеріне жоғары баға қою мәселесі бойынша 6 өтініш түскен
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Елімізде «Яндекс.Такси» қызметіне қатысты бағаны қолдан көтерді деген айыппен тергеп-тексеру амалы жалғасып жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментіне сілтеме жасап.

ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті "Яндекс Такси.Корп" ЖШС қатысты бәсекелестікті қорғау аясында тергеуді жалғастырып жатыр.

Нақты айтсақ, Кәсіпкерлік кодексінің (әрі қарай – Кодекс) 174-бабы, 1) тармақшасында тыйым салынған, яғни монополиялық жоғары бағаны белгілеуі бойынша тексеру жүргізілді.

"Кодекстің 175-бабының 1-тармағына сәйкес, үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектісі белгілеген баға, егер бұл баға осындай тауарды өндіру және өткізу үшін қажетті шығыс мен пайда сомасынан және тиісті немесе салыстырмалы тауар нарығында бәсекелестік жағдайында қалыптасқан бағадан асып кетсе, тауардың монополиялық жоғары бағасы болып есептеледі. Жоғарыда көрсетілген тергеулердің нәтижелері туралы қосымша хабарланатын болады", - делінген хабарламада.

Биыл Департаменттің атына серіктестікке қатысты такси қызметтеріне жоғары баға қою мәселесі бойынша 6 өтініш түскен.

Новости партнеров