Алматы қаласында Абай даңғылы бойынша жол жүру ішінара шектеледі
ашық дереккөзден
Аталған көше сегментінің жүріс бөлігінің астында өтетін магистральдық құбыр учаскесінде жоспарлы жұмыстарды жүргізу қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін уақытша шектеулер енгізіледі
Жаңалықтармен бөлісіңіз
9 маусым сағат 22.00-ден 10 маусым сағат 15.00-ге дейін Алматы қаласының Әуезов ауданында Абай даңғылы бойынша батыс бағытта Сайын көшесінен GASENERGY жанармай құю бекетіне кіруге дейінгі көлік қозғалысы ішінара жабылады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі «Алматы жылу жүйесі» ЖШС сілтеме жасап.
«Бұл ретте, аталған көше бойымен шығыс бағытта қозғалыс екі жаққа да ашық болады.
Аталған көше сегментінің жүріс бөлігінің астында өтетін магистральдық құбыр учаскесінде жоспарлы жұмыстарды жүргізу қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін уақытша шектеулер енгізіледі. Мәжбүрлі қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды және көрсетілген учаскені айналып өту жолдарын алдын ала қарастыруды сұраймыз», - делінген хабарламада.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Алматыда 21-27 қыркүйек аралығында ауа райы қандай болады
23.09.2026 08:15
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
23.09.2026 08:00
Алматыда үшем дүниеге келді
22.09.2026 14:49
22 қыркүйекке арналған валюта бағамы
22.09.2026 08:20