Қазақстан аумағына рөлі оң жақта орналасқан жеңіл көліктерді әкелуге шектеу қойылады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі inform.kz-ке сілтеме жасап.
- Қазақстан Республикасының аумағына оң жақтан басқарылатын жеңіл көліктерді сырттан әкелуге 6 айға тыйым салынады, - деп хабарланған ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің бұйрық-жобасында.
Осы шектеудің орындалуын бақылау Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті мен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметіне жүктелген. Құжат 13 қыркүйекке дейін көпшілік талқылауына ұсынылады.
Еске салайық, былтыр әкімшілік полиция комитеті төрағасының міндетін атқарушы Қайсар Сұлтанбаев шетелде тіркелген оң жақ рөлді автокөліктерді Қазақстанда заңдастыруға біржолғы рұқсат берілетінін айтып еді.
Оқи отырыңыз: Ақтауда 29 жастағы жүргізуші экскаватормен Каспиде өнер көрсетті