Алматыда Орталық Азиядағы ірі көпфункционалды автоорталық ашылды

Алматыда Орталық Азиядағы ірі көпфункционалды автоорталық ашылды
Автоорталық бір мезетте күніне 500 клиентке дейін қызмет көрсете алады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы әкімі Ерболат Досаев Орталық Азиядағы ірі MyCar Кuldzhinka көпфункционалды автоорталығының ресми ашылу рәсіміне қатысты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Аумағы 30 мың ш.м автоорталықта бір мезгілде 700 жүрілген автокөлік және ресми дилерлік орталықтардан - BMW, Changan, Chery, Haval және Hyundai жаңа 50 автомобиль ұсынылуы мүмкін. Сонымен қатар, автоорталықтың жанындағы ашық алаңда тағы 800 автокөлік қойылады.

MyCar Kuldzhinka автоорталығы - бұл сауда ойын-сауық орталықтарын басқарудағы және автомобиль ритейліндегі инвестордың тәжірибесін біріктіретін жаңа концепт.

Автоорталықтың экожүйесі клиенттерге “бір терезе қағидаты бойынша" жаңа автокөлік, сонымен қатар, кез-келген бағада заңды және техникалық тексеруден өткен жүрілген автокөлік сатып алуға, оны есепке қоюға және мемлекеттік нөмір алуға мүмкіндік береді. Автоорталықтың мәміленің заңдылығына және жасырын ақаулардың болмауына кепілдік беруі автошопингтің бұл тәсілі автокөлікті қолдан сатып алудың тиімділігін арттырады.

Алматыда өңірдегі ірі көпфункционалды автоорталықтың ашылуы автомобильдердің қайталама нарығының ашықтығын арттыруға, экономиканың осы секторын көлеңкеден шығаруға ықпал етеді, сонымен бірге сатушылар мен сатып алушылар үшін мәмілелер жүргізудің қауіпсіздігін қамтамасыз етеді деп күтілуде.

Автоорталық бір мезетте күніне 500 клиентке дейін қызмет көрсете алады, әлеуетті сату көлемі - жылына 18 000 автокөлік.

Автоорталықтың құрылысына инвестиция 21 млрд теңгені жұмсалды, онда 600-ден астам адам жұмыс орнымен қамтылды.

Новости партнеров