|
21.08.2019 | 16:52
9293

Жолаушылар пойызында шылым шегуге тыйым салынады

ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 571-бабы «Тасымал ережесін бұзу» бойынша 5 АЕК көлемінде айыппұл салынады

Жолаушылар пойызында шылым шегуге тыйым салынады  Shutterstock.com

28 тамыздан бастап жолаушылар пойызында шылым тегуге тыйым салынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Бұл туралы «Жолаушылар тасымалы» АҚ атқарушы директоры Едіге Мыханов «Қазақстан темір жолы» АҚ бас ғимаратында өткен баспасөз мәслихатында айтты.

«2019 жылдың 28 тамызында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Жолаушылар тасымалы, қол жүктері мен пошта жөнелтімдері ережелеріне енгізілген өзгерістер өз күшіне енеді. Жаңа ережеге сәйкес, жолаушылар пойызында шылым шегуге тыйым салынады. Бұған дейін тамбурда шылым шегуге рұқсат берілетін. Көптеген арыз-шағымнан кейін жалпы пойызда темекі тарту тоқтатылады», - деді ол.

Оның айтуынша, шылым шеккісі келген жолаушылар вокзал перронындағы арнайы орындарға баруы тиіс.

«Кей жолаушылар жолсерікпен келісіп, заң бұзуы мүмкін деген пікірлер айтылуда. Темекінің иісін кез келген жолаушы 1433 байланыс нөміріне хабарласып, шағым қалдыра алады. Оның үстіне, Тальго пойыздары герметикалық материалдан жасалған, темекінің иісі барлық купеге таралуы мүмкін. Жолаушылардың кері байланысы арқылы заңбұзушылықтармен күресеміз», - деді Мыханов.

Компания өкілдерінің айтуынша, пойыз ішінде шылым шегу фактісі анықталған жағдайда акт толтырылып, желілік ішкі істер бөлімінің қызметкерлері шақырылады.

Хаттама толтырылып, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 571-бабы «Тасымал ережесін бұзу» бойынша 5 АЕК көлемінде айыппұл салынады.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир