Биыл 53 аулада күрделі жөндеу жұмыстары аяқталады – Ерболат Досаев

invest-tula.com
invest-tula.com
Сонымен қатар 46,2 шақырым болатын 69 көшеге орташа жөндеу жұмысын жүргізу жоспарланып отыр
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Биыл Алатау ауданында 53 ауланың күрделі жөндеу жұмыстары аяқталады. Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев Алатау ауданы тұрғындарымен кездесу барысында айтты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.  

«Аудан тұрғындарының ұсыныстарына сәйкес 36 жоба анықталды. Бұл жобаларда жаңа балалар және спорт алаңдарын, Момышұлы көшесіндегі қарау алаңын, Рахат-Мәдениет, Саялы, Қарасу, Шапағат шағынауданында футбол алаңын және жасыл аймақтарды суару жүйесін салу қарастырылған. Биыл 53 аулада күрделі жөндеу жұмыстары аяқталады», – деді ол.

Қала әкімінің айтуынша, рекреациялық аймақтар құру үшін Өжет шағынауданындағы тоғанды (аяқталу мерзімі 2022 жылғы маусым), Боралдай өзенінің бойын (аяқталу мерзімі 2022 жылғы маусым) және Зерделі шағынауданының жасыл аймақтарын (аяқталу мерзімі 2022 жылғы шілде) абаттандыру сияқты 3 ірі жобаның жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленіп жатыр.

Сонымен қатар 2022 жылы  46,2 шақырым болатын 69 көшеге және 12 шағынауданның 51 шақырым арық жүйесіне орташа жөндеу жұмысын жүргізу жоспарланып отыр.

Новости партнеров