Алматы қаласының туризм жөніндегі Кеңесі аясында қаланың кәсіпкерлер палатасы жанынан жұмыс тобы құрылды, оның құрамына Алматы қаласының кәсіпкерлер Палатасының, Авиациялық көлік прокуратурасының, Алматы қаласының туризм басқармасының, Алматы қаласының халықаралық әуежайының, Алматы қаласының халықаралық әуежайының ЖПҚ, Түрксіб ауданының ЖПҚ, Алматы қаласының мемлекеттік кірістер департаментінің, Алматы қаласы ІІД-нің, Қазақстандық туристік қауымдастықтың, Алматы қ. ТЖК өңірлік палатасының және тағы басқаларының өкілдері енді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Екі апта ішінде жұмыс тобы таксиге тапсырыс беру қызметтері (AparuTaxi, Region, Yandex Taxi, Uber, Blue Sky Energy және т.б.) ұсынатын таксилердің құнын талдады, жүрудің орташа бағасы есептелді. Жолаушыларды тасымалдау тарифтері отырған жерден баратын пунктке дейін қашықтыққа әрі такси класына байланысты 1200-ден 12000 теңгеге дейін өзгереді. Ең жоғары баға әуежай терминалынан «Шымбұлақ» тау шаңғысы курортына дейінгі таксидің премиум сегментінде көрсетіледі.
Айта кетерлігі, бұл тұрақты емес, бірақ жолаушылар үшін ұсынылатын баға, такси қызметтерінің құны ауа райын, сұранысты және басқа деректерді ескере отырып өзгеруі мүмкін. Ұсынылған бағаларды ескере отырып, жолаушылар баға саясатын басшылыққа ала алады.
Туристер үшін осы ұсыныстарды әзірлеудің мақсаты – жауапсыз такси жүргізушілерінің заңсыз әрекеттерін реттеу.
Бүгінде жұмыс тобы қалалық аймақтарды және ұсынылатын бағаларды қоса алғанда, ресми такси операторларының қызметтеріне тарифтерді көрсете отырып, ақпараттық стендтер мен буклеттер әзірледі. Материалдар қазақ, орыс, ағылшын және қытай тілдерінде жарияланды. Толық қамту үшін ақпараттық стендтер Алматы қаласының халықаралық әуежайының терминалдарында ілінеді. Кедендік бақылау аймағында шетел азаматтарының паспорттарына ақпараттық қосымша парақтарды тарату көзделген. Сондай-ақ, қонақтар терминалдан шығатын туристік ақпараттық орталықтың тұғырынан толық ақпаратты ала алады.