|
29.12.2019 | 17:42
7127

Ұшақ апатынан мерт болғандардың туған-туыстарына 49 билет тегін берілді

Air Astana Нұр-Сұлтаннан Алматыға және Алматыдан Атырауға қосымша 5 рейс ашып отыр

Ұшақ апатынан мерт болғандардың туған-туыстарына 49 билет тегін берілді

Ал Bek Аir жолаушыларына Air Astana 435 коммерциялық билет бөлген. Бұл туралы Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайдың баспасөз хатшысы Тілеген Әбішев мәлімдеді. Айтуынша, жолаушылар арасында билет тапсыра алмау сияқты әбігерлікке салынушылық жоқ, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.  

«Бұл - қауесет. Өйткені оқиға болғаннан бері үш күн ішінде Bek air әуе компаниясы жолаушылардың билеттерін қайтарып жатыр. Ол қайтарылған билеттер арқылы жолаушылар басқа әуе компанияларға оның ішінде мысалы Air Astana-ға барып, мысалы билет 35 мың теңге болса, басқа авиа компанияларда 70 -80 мың теңге болса да, сол 35 мың теңгемен керекті бағытына ұшып кете алады», - деді Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайдың баспасөз хатшысы Тілеген Әбішев.

Ал, билетін онлайн сатып алғандар, дәп солай қайтара алады. Тек «күшін жою» деген батырманы басса болғаны. Бұдан бөлек, әуежайдың ресми өкілі жаңа жыл қарсаңында қосымша рейстер болатынын жеткізді. Мәселен, Air Astana Нұр-Сұлтаннан Алматыға және Алматыдан Атырауға қосымша  5 рейс ашып отыр.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир