Алматыда № 141 қоғамдық көліктің бағыты өзгереді
фото из открытых источников
4 наурыздан бастап соңғы аялдама «Көпір» автостанциясынан ГЭСке дейін созылады
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Алматыда № 141 маршруттың бағыты өзгереді, деп хабарлайды қалалық мобилділік басқармасының баспасөз қызметі.
«Алматы қаласының Медеу ауданында орналасқан «Балбұлақ» Республикалық балаларды оңалту орталығы мен «Алатау» балалар клиникалық санаторийінің қызметкерлері мен келушілерінің көптеген өтініштеріне сәйкес, Алматы қаласының Қалалық мобилділік басқармасы №141 автобус маршрутына өзгеріс енгізді», - делінген хабарламада.
4 наурыздан бастап соңғы аялдама «Көпір» автостанциясынан ГЭСке дейін созылады, маршруттағы жылжымалы құрам 15 бірлікті құрайтын болады.
Айта кетейік, көлік қызметін «Олжас ЛТО» ЖШС тасымалдаушсы жүргізеді.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
12.11.2026 21:50
Алматыда 9-15 қараша аралығында ауа райы қандай болады
12.11.2026 08:15
Банк шоты бұғатталған кезде не істеу керек
12.11.2026 19:41