Елордада көше қиылыстарына жасыл түсті «плюс» белгісі бар бағдаршамдар қойылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Kolesa.kz-ке сілтеме жасап.
Бұған дейін жүргізушілер қосымша секцияда «қызыл плюс» жанғанына үйрене бастаған, ал жаңа жасыл түс түсініксіздеу болып тұр.
Абай – Бейбітшілік және Бейбітшілік – Омаров қиылысында «қызыл плюс» сынақ режимінде жасыл түске ауыстырылды. Бұл белгі жол ережесіне әлі енгізілген жоқ, бірақ қызыл түспен бірдей қызмет атқарады.
Жол ережесінің 5.9-1 тармағына сәйкес, қызыл түсті «плюс» қарсы бағыттағы көліктерге бағдаршамның қызыл түсі қосылғанын білдіреді, демек, еш кедергісіз солға бұрылуға болады. «Плюстің» қосымша белгісі бар әдеттегі бағдаршамнан айырмашылығы, ол өшіп тұрғанда да солға бұрылуға болады. Бұл белгі қиылыстан өтуді ыңғайлы етеді.
Алғашында бағдаршамның қосымша секциясында қызыл түс жанғаны көпшілікті таңғалдырған. Өйткені әдетте қызыл түс қозғалысқа тыйым салуды, ал жасыл түс рұқсат беруді білдіреді. Осы қисынды полицейлер енді ескерген секілді. Егер сынақ режиміндегі «жасыл плюс» жүргізушілерге түсінікті болса, ережеге тиісті өзгерту енгізіледі.