Карантин: Бір қоғамдық көлікке күніне шамамен 107 адам мінеді

Карантин: Бір қоғамдық көлікке күніне шамамен 107 адам мінеді
Карантин жарияланғалы Алматыда жолаушылар саны автобустарда соңғы аптада 80 пайызға, метрополитенде 90 пайызға төмендеген
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Карантин жарияланғалы Алматыда жолаушылар саны автобустарда соңғы аптада 80 пайызға, метрополитенде 90 пайызға төмендеген, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қазір қалада 114 бағыт бойынша 991 автобус жолаушыларды тасып жүр. Бір қоғамдық көлікке күніне шамамен 107 адам мінеді. Осылайша, бір рейстегі адамдардың орташа саны 12-13 адамнан ары аспаған. Бұл жолаушылар үшін қажетті қауіпсіз қашықтықты қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ, қала әкімдігі қоғамдық көліктегі тазалыққа аса мән беріп жатыр. Шаһарда қос компания 16 автопаркті дезинфекциялаумен айналысады.

«Барлық ұйымдардың жұмыс уақытының қысқаруына байланысты қоғамдық көлікті кешкі сағат 19.00-ге дейін жүргізу қарастырылған болатын. Қалалық қоғамдық көліктерді коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу мақсатында барлық автобустарды дезинфекциялап жатырмыз. Бұл дезинфекция жұмыстары мамандандырылған клинингтік компаниялар жасайды. Автобустар түнгі уақытта толығымен дизенфекция жасалынылады екі компаниямен. Күндізгі уақытта соңғы аялдамада дезинфекция жұмыстары жүргізіледі», – деді қалалық Мобилділік басқармасының басшысы  Сағындық ТЕЛІБАЕВ.

Новости партнеров