Құлжа тас жолындағы жолайрық жол апатын азайтады

Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Үш деңгейлі жолайрық қозғалысты айтарлықтай жеңілдетеді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда 2023 жылғы 5 қазанда Бұқтырма көшесі мен Құлжа тас жолы қиылысындағы жолайрық бойынша 4 жолақты қозғалысы бар Бұқтырма көшесінің тоннелдік бөлігі ашылды. Жоба өткізу қабілетін 5 есеге арттыруға мүмкіндік береді, деп хабарлайды Аlmaty.tv. 

Бұқтырма көшесі учаскесінің жалпы құрылыс ұзындығы – 830 м, оның ішінде тоннель бөлігінің ұзындығы – 149 м. Абаттандыруды ескере отырып, осы жолайрығының құрылысын толық аяқтау қазан айының соңына жоспарланған. Жол ғылыми-өндірістік орталығының директоры Бағдат Телтаев осы жобаны іске асыру туралы өз пікірімен бөлісті.

Оның айтуынша, Бұқтырма көшесі мен Құлжа тас жолы қиылысындағы жолайрығы және Бұқтырма көшесінің тоннель бөлігіндегі қозғалыстың ашылуы – Алматы қаласының тұрғындары үшін жағымды жаңалық. Мұндай шешім қозғалыс құрамының қарқындылығын егжей-тегжейлі зерттеу негізінде қабылданды, әсіресе қарбалас уақытты, перспективаны ескере отырып.

 -  Үш деңгейлі жолайрығы, қозғалысты айтарлықтай жеңілдетеді. Бұқтырма көшесінің Құлжа тас жолымен қиылысындағы қолданыстағы көлік айналымы – негізгі көлік артериясы, ол арқылы таңертең қалаға, ал кешке қаладан көптеген көлік қозғалады. Барлық бағыттарда оңға бұрылатын бұрылыстар мен бұрылуға арналған жеке айналмалар бар. Алайда көшеде бұрылу кезінде жылдамдықты азайту керек. Бұқтырма көшесінде Құлжа трактісімен бірге қарқынды қозғалыс байқалады, осы жолайрығының арқасында олар бір-біріне кедергі келтірмейді, автокөлік жүргізушілер кедергісіз жүре алады, - деп атап өтті Бағдат Телтаев.

Сондай-ақ ол жолайрығы пайдалануға берілгеннен кейін жолдардағы қауіпсіздік деңгейі артатынын атап өтті.

 - Бұрын қауіпсіздік деңгейі төмен болатын. Тек «қарбалас уақытта» ғана емес, сонымен қатар түнде де Құлжа трактісі бойымен көліктер үздіксіз жүреді. Ал Бұқтырма көшесінде қозғалыс өте баяу, жүргізушілерге қиындық туғызатын. Сол себепті полиция қызметкерлері барып, қозғалысты реттейтін. Енді ол техникалық жағынан да ыңғайлы болды. Көлік ағыны еркін жүретіндіктен бір-бірімен қақтығыспайды және қиылыспайды. Есесіне жол-көлік оқиғалары азаяды, - деді профессор.

Оның байқауынша, соңғы жылдары, әсіресе биыл жолдар мен көлік желісінің сапасын жақсартуда бірақ жұмыс атқарылды. Жаңа жолайрығы халыққа ұзақ қызмет етеді. 

Оқи отырыңыз: Алматыдағы Құлжа тас жолында жаңа жолайрық ашылды

Новости партнеров