Есентай өзеніндегі көпір түнгі мезгілде жөндеуге жабылады

ratel.kz
ratel.kz
Маршрутты алдын ала жоспарлап алған жөн
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Әл-Фараби даңғылының бойындағы Есентай өзеніндегі көпір түнгі мезгілде жөндеуге жабылады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Биыл шілдеде Есентай өзеніндегі көпірдің апатты жағдайына байланысты техникалық сараптама қорытындысына сай жаңғырту жұмыстары басталған болатын. Көпірді жаңғырту жұмыстары аясында беларқалар күшейтіліп, ескілері алынып, 96 жаңа аралық құрылыс плита орнатылды, гидроизоляция жасалып, асфальтбетон жабынының төменгі қабаты төселді.

Ауа райы қолайлы болса, 31 тамызда сағат 23:00-ден 1 қыркүйекте сағат 06:00-ге дейін Сейфуллин даңғылынан Жароков көшесіне дейінгі бөлігінде көлік қозғалысы толығымен шектеліп, жол жабының жоғарғы қабаты төселеді.

Жөндеу аумағын Сейфуллин, Назарбаев, Достық даңғылдары, Тимирязев, Жароков, Ерғожин, Розыбакиев және Мұстафин көшелері арқылы айналып өтуге болады.

Жол жөндеу жұмыстары жайлы соңғы жаңалықтар қала әкімдігі мен қалалық мобилділік басқармасының ресми парақшаларында, Almaty_Joly телеграм арнасында, сонымен қатар, 2ГИС және Яндекс карта қосымшаларында көрсетілген.

Бұл 2023 жылға жоспарланған жұмыстар аясында жүргізіліп отыр. Маршрутты алдын ала жоспарлап алған жөн.

Оқи отырыңыз: Жол үстіндегі бетон: күре жолға кедергі қойған кімдер

Новости партнеров