|
26.02.2020 | 21:40
6599

Наурыз айының соңына дейін Нұр-Сұлтанға тағы 24 электробус жеткізіледі

Бұл туралы "АСТАНА LRT" компаниясы қоғаммен байланыс қызметінің бас менеджері Әлия Жарқымбекова мәлімдеді

Наурыз айының соңына дейін Нұр-Сұлтанға тағы 24 электробус жеткізіледі liter.kz

Наурыз айының соңына дейін Нұр-Сұлтанға тағы 24 электробус жеткізіледі. Олар 8 қалалық бағыт бойынша қызмет көрсетпек, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Әзірге елордада жүрген дәл осындай 15 автобус қоғамдық көліктегі мәселені шеше алмай отыр. Бас қаланың тұрғындары автобустардың қызметіне неге наразы? Әріптесім Салтанат Нысанбек толықтырсын.  

«Үкімет қалалық жолаушылар тасымалы саласын ретке келтіруге міндетті. Бұл маңызды әлеуметтік сұрақ. Орындау мерзімі - екі ай!» - деді Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ

Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қоғамдық көлік мәсілесін шешуді қадап тапсырған еді. Алайда, тура бір ай өтсе де, еліміздің бас қаласында бұл салада еш өзгеріс жоқ сияқты.

Ал Астана ЛРТ серіктестігінде мәселені шешу үшін жүйелі жұмыс керек деді. Десе де, шаһар көшелерінде қаңтар айынан 15 су жаңа электробус жүргенін жеткізді. Алайда, бұл жолаушгылар тасымалын түбегейлі шешіп отырған жоқ дейді ел.

«2019 жылы 100 электробусты сатып алу туралы келісімшартқа қол қойылды. Осы 100 электробустың алғашқы 15-і қазір қалаға келіп, халыққа қызмет көрсетіп жүр. Ол халыққа көп қажетті бағдарлар. 17, 18 және 25-бағытта жүр» - «АСТАНА LRT» ЖШС Қоғаммен байланыс қызметінің бас менеджері Әлия ЖАРҚЫМБЕКОВА.

Наурыз айының соңында Нұр-Сұлтанға тағы 24 электроавтобус келмек. Олар сегіз бағыт бойынша жолаушылар тасымалдайды деп күтілуде. Айта кетейік, компания 100 су жаңа қоғамдық көліктің жартысын жаңа жылға дейін сатып аламыз деп былтыр қазанда жар салған еді  


Салтанат Нысанбек, Данияр Омар Алматы телеарнасы Нұр-Сұлтан

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир