|
26.05.2022 | 19:20
922

«Жүк көліктерінің жүру құны қымбаттайды»: Әлеуметтік желіде тараған ақпарат жалған

Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда 1403 нөміріне хабарласуға болады

«Жүк көліктерінің жүру құны қымбаттайды»: Әлеуметтік желіде тараған ақпарат жалған Ашық дереккөз

Әлеуметтік желіде тараған «жүк көліктерінің жүру құны қымбаттайды» деген ақпарат жалған. Бұл туралы автомобиль жолдары комитетінің өкілі жеткізді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Оның айтуынша, ақылы жолдармен жүру тарифін көтеру жоспарда жоқ. Тек шет мемлекеттердің транзиттік жүк көлік құралдары үшін жол жүру тарифін ұлғайту мәселесі қарастырылып жатыр. Сондықтан халықты алаңдамауға шақырды.

«Whatsapp желісінде жүк көліктерінің жүру құнын шақырымына 400 теңгеге дейін қымбаттату туралы ақпарат шындыққа жанаспайтынын айта кету керек. Барынша сақ болып, арандатушылыққа жол бермеуге шақырамыз. Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда 1403 нөміріне хабарласуға болады. Естеріңізге сала кетейік, жалған ақпарат таратқан тұлғалар қылмыстық жауапкершілікке тартылады», – деді ҚР ИИДМ Автомобиль жолдары комитетінің басқарма басшысы Арман Кушев.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир