Алматы көшелерінде уақытша көлік қозғалысы шектеледі
Орташа жол жөндеу жұмыстары жүргізіледі
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Алматы көшелерінде уақытша көлік қозғалысы шектеледі, деп хабарлайды Almaty.tv.
Жол жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты 9-12 маусым күндері сағ.08:00 мен сағ.19:00 аралығында Саин көшесінің Райымбек даңғылынан Марғұлан көшесіне дейінгі бөлігінде батыс бағытта көлік жүрісі уақытша шектеледі.
Сонымен қатар, жаңа асфальт жабынын төсеу үшін 10 маусым күні сағат 22:00-ден 11 маусым сағат 06:00-ге дейін Саин-Шаляпин көшелері қиылысындағы жолайрық толығымен жабылады.
"Аталған жұмыстар орташа жол жөндеу жұмыстары аясында жоспарланған. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз және жол жүру бағыттарыңызды алдын ала жоспарлауларыңызды сұраймыз" делінген хабарламада.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
01.11.2026 14:14
Алматыда 2-8 қараша аралығында ауа райы қандай болады
01.11.2026 09:15
Эмоцияңызды бақылауда ұстаңыз: 31 қазанға арналған жұлдыз-жорамал
31.10.2026 09:54
Қарашада қай жұлдыз белгілерінің қаржылық жағдайы жақсарады
01.11.2026 12:33
Суыққа аллергия деген не және одан қалай сақтануға болады
01.11.2026 10:52